Ішкі істер министрлігі Астанада 15 жастағы баланы іздеп жатыр

0
348

Жасөспірім 15 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.


Ішкі істер министрлігі Астанада 15 жастағы баланы іздеп жатыр

Фото: Polisia.kz

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінің түгел құрамы Астанада жоғалып кеткен 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздеп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бала кеше, 15 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздеп жатыр. Жасөспірім 15 наурыз күні Астана қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның бойы 160-165 см, орта денелі. Жоғалған күні қара күртеше, қара шалбар, қара аяқ киім киген», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді 8-775-817-16-32, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе “102” арнасына шұғыл хабарлауын сұрайды.