АРЗАН САЯХАТ деген не? Оны ҚАЙДАН ТАБУҒА болады?

0
785

Әңгіме көпшілік білетін «горящий турлар» жайында болмақ.


АРЗАН САЯХАТ деген не? Оны ҚАЙДАН ТАБУҒА болады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Арзан бағамен саяхаттау немесе көпшілік айтатын «горящий тур» қаржы үнемдеудің бір жолы. Дегенмен, саяхаттаудың бұл жолы кейде сәтті, кейде сәтсіз болып жатады. Сондықтан біз ұсынған кеңестерге де көз қырыңызды салып қойғаныңыз абзал.


«Жанып тұрған тур» дегеніміз не?

«Жанып тұрған тур» - туроператор бағаны айтарлықтай төмендететін жолдама, мұндай ұсыныс әдетте ұшудан 1-3 күн бұрын пайда болады. Бұл ұсыныстағы арзан баға туроператордың ұшақ билеттері, трансфер және қонақүй нөмірлері үшін төленген ақшасы. Егер қысқа мерзім ішінде бұл бағаның өзіне демалатын адам табылмаса, ақшалары «жанып» кетеді. Сондықтан компаниялар шығындардың кем дегенде бір бөлігін жабу үшін саналы түрде осындай қадамға барады.


Турлар неліктен «жанып кетеді»?

Әр маусымда туроператорлар демалушылардың санын болжайды және өз тәжірибелеріне, зерттеулеріне және аналитикасына сүйене отырып, пакеттік турлар әзірлейді. Бірақ барлық факторларды ескеру мүмкін емес, мысалы: біреу ұшудан бірнеше күн бұрын сатып алынған турдан бас тартады немесе туристер ағыны ауа-райы, әлеуметтік-саяси себептер сынды әртүрлі жағдайларға байланысты күтпеген жерден азаяды.


Ұшу

Компания ұшу құнын төмендету арқылы тур бағасын да айтарлықтай төмендете алады. Сондықтан олар билеттер шыға салысымен чартерлік рейстерден белгілі бір орындарды алдын-ала сатып алады. Ал билеттерді бастапқы құны бойынша сату мүмкін болмаса, бағаны төмендетуі мүмкін. Сол себепті, билет тұрақты рейстерден алынса, мұндай пакеттік турлар «жанбайды».


Қонақ үй

Сондай-ақ, компаниялар қонақүйдегі бөлме бағасы төмендеген кезді пайдаланады. Әдетте, бұл туристік ағын төмендеген кездегі арнайы ұсыныстарға қолданылады. Көптеген тұтынушылар: «жанып жатқан турлар қонақүйдің жұлдызын, орналасқан жерін және қызмет көрсету сапасын өзгерту арқылы бағаны төмендетеді» деп ойлайды. Мұндай пікір тек шайыну мен түнеуді қажет ететіндерге қолайлы, қарапайым жағдайлары бар арзан турлардың болуына байланысты туындайды. Ал, бюджеттік тур өз кезегінде бастапқы құнымен салыстырғанда «өртеніп», арзандауы да мүмкін. Ең бастысы турды сатып алу кезінде шарттарды мұқият оқып шығу керек. Сонымен қатар, жаңа клиенттерді тарту және бағытты танымал ету үшін қонақүйлер маусымның басында бағаны әдейі төмендетеді.


«Жанып тұрған жолдамалар» қашан және қайда болмайды?

Мереке күндері және туристік маусымның қызып тұрған кезінде мұндай турды табу өте қиын. Ұшу немесе қонақүйде тұру бағасын төмендетудің маңызы жоқ: мұндай кезеңде сіз тек бас тартылған турларға сене аласыз. «Жанып жатқан тур» жұма немесе жексенбіде сирек кездеседі.

Арзан турлар көптеген турист ағылып баратын, рейстер көп Түркия, БАӘ, Таиланд, Египет және т.б. бағыттарға жиі кездеседі. Бірақ, бұлардан басқасына болмайды деп ойламау қажет. Себебі, чартермен ұшатын кез-келген жолдама күйіп кетуі мүмкін, бірақ экзотикалық бағыттарда бұл өте сирек кездеседі.


Кез-келген таяқтың екі ұшы бар, сондықтан «жанып жатқан турды» сатып алмас бұрын оның жақсы және жаман жақтарын да білу керек.

Артықшылықтары:

  • бастапқыда көрсетілген қызмет сапасын жоғалтпай, құнның 20%-ын үнемдеу;
  • барлығын дәл қазір тастап кету мүмкіндігі;
  • кейде шағын бөлмеде жатып, адам толып жатқан жағажайға шыдаудан гөрі маусымнан тыс уақытта жақсы қонақүйде демалу жақсы, мұндай стихиялық саяхаттар қабылдауды күшейтеді;

Кемшіліктері:

  • арзан турларды іздеуден бас тартуға тура келетін бірінші нәрсе – қиындыққа толы, жайсыз демалыс күндері;
  • өлшенген төлем туралы ұмытып, аз уақытта дайындалу керек болады, ал егер балаларыңыз болса, баға өседі;
  • мұндай турға барудан бас тарту арқылы сіз барлық қаржыны жоғалтасыз. Бас тарту туроператордың ережелеріне сәйкес жүреді, мысалы ұшудан 3-5 күн бұрын бас тартқан кезде толық құнның 70-90%-ы ұсталады ұсталуы мүмкін, сонымен қатар ұшу күнін, күндер санын, курорт пен қонақүйді өзгерту мүмкін емес;
  • маусымнан тыс уақытта жағажайлар қызықсыз және салқын болуы мүмкін;
  • сапар үшін сізге ашық виза қажет болуы мүмкін және оны жасауға уақытыңыз болмайды.


Балама нұсқа – ерте брондау

Туроператорлар үшін жолдаманы алдын-ала сату ыңғайлы, сондықтан турларды өзіңіз қалаған маусым басталғанға дейін сатып алатын болсаңыз, көптеген қызықты ұсыныстар болады. Ерте брондау арқылы қаржының 35-50%-ын үнемдеуіңіз мүмкін. Сонымен қатар қонақүйлердің кең мәзіріне ие боласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


2024 жылғы ЕҢ АРЗАН туристік бағыттар


Жыл он екі ай ЖЫЛЫ БОЛАТЫН елдер