Өзгерісті ОСЫНЫ ОРЫНДАУДАН бастаңыз!

0
213

​Таңертең бұны міндетті түрде орындаңыз!


Өзгерісті ОСЫНЫ ОРЫНДАУДАН бастаңыз!

Фото: ЖИ арқылы жасалды

Көптеген адам өмірін өзгерткісі келеді, бірақ қалай бастарын білмейді. Шын мәнінде, біздің сыртқы болмысымыз - ішкі ойларымыз бен сеніміміздің көрінісі. Егер сіз бүгіннен бастап санаңызды жаңа белестерге бағдарласаңыз, өміріңіз де сол бағытқа қарай бейімделе бастайды.

Өзгерісті мынау қарапайым әдісті орындаудан бастаңызшы.

  • Дәл қазір ақ қағаз алып, өзіңіздің ең жақсы нұсқаңызды сипаттап жазыңыз. Яғни, бақытты өзіңізді қалай елестетесіз, соны жазыңыз. Қандайсыз? Салмағыңыз қанша? Үстіңізде қандай, қанша теңгелік киім? Қандай үйде тұрып жатырсыз? Таңғы асқа не жедіңіз? Қандай көлік мініп жүрсіз? Қай мекемеде жұмыс істейсіз? Каспий голдыңызда қанша миллион теңге бар? Қандай күйдесіз? Кімсіз? Сүйікті жар, ана, кәсіпкер, танымал блогер т.б. Қиялды шектемеңіз. Армандау тегін. Сипаттап жазыңыз. Соңына «Мен осындай өмірге лайықтымын. Қабылдаймын» деп жазыңыз.
  • Енді осы жазбаны телефоныңыздың диктофонымен дауыстап, әдемі мақаммен, нық сеніммен оқыңыз. Аудиожазбаңыз 1 минуттан аспағаны абзал. Егер асып кетсе, жазбаңызды қысқартып, қайтадан аудио жазыңыз.
  • Күнде ұйқыдан тұрған кезде ең бірінші әрекетіңіз осы аудиожазбаны тыңдау болсын. Төсекте жатып тыңдаңыз. Және түнде ұйқыға жатарда тыңдаңыз. Сонда күніне екі-ақ минут арнайсыз. Ал осы екі минут миыңыздың бағдарламасын жаңартып, соған сәйкес өміріңіз де өзгере бастағанына таң қаласыз.


Өзгеріс үлкен қадамдардан емес, осындай кішкентай әдеттерден басталады. Бұл жаттығуды күн тәртібіне енгізіңіз. Күн сайын өз дауысыңызбен айтылған жетістіктерді есту арқылы сіз миыңызға жаңа мүмкіндіктерді көруге бұйрық бересіз. Ал нәтижесі он күннен соң-ақ байқалады.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

«Өзгені тәрбиелейтін» әдеттен құтыла алмай жүрсіз бе?

Мазалаған сұрағыңызға ТЕЗ жауап табудың әдісі