​«С» вирусты гепатитті емдемесе бауырда қатерлі ісік пайда болады – дәрігер

0
5 823

Гепатит С жазылатын ауру ма?


​«С» вирусты гепатитті емдемесе бауырда қатерлі ісік пайда болады – дәрігер

фото: renewal.ru

Халық арасында «тілсіз жау» деп аталатын С гепатиті ең қауіпті ауру болып табылады. Оны дер кезіндеме емдемесе, өміріңізге айтарлықтай қауіп төндіреді. Ал бұл вирустың қалай жұғатынын, кімде кездесетінін, қауіптілігі мен емделу жолдарын Түркістан қалалық емханасының инфекционист-дәрігері Түкманбетова Айгүл Абуқызы (суретт) айтып береді.


– Айгүл Абуқызы, «С» вирусты гепатиті қандай ауру?

– Бұл бауыр ауруы. «С» вирусты гепатиті науқастардың көбінде (60-85%) аурудың созылмалы түріне айналады. Себебі ауру уақытылы анықталмай, әбден асқынған жағдайда бауыр циррозы, созылмалы гепатит сатысында өткен кезде ғана анықталады. Бұл ауруды «тілсіз жау» деп бекерге айтпаса керек. Созылмалы вирусты «С» гепатитімен ауырған науқастың бауыры кейде «С» вирусты созылмалы гепатит адамның басқа ағзаларының ауруына себепші болуы мүмкін.


– Оның бауырға қандай қатысы бар?

– С вирусты гепатит – құрамында ұсақ РНК-сы бар вирус, флавивирус тұқымдасына жатады. Гепатотропты қасиеті бар С вирусты гепатит адам ағзасына енгеннен кейін, гепатоциттерде реплицирленеді. С вирусты гепатит геномы вирустың құрылымды және құрылымсыз белок түзілуін кодтайды. Соның ішінде түрлеріне: нуклеокапсидті белок С (core protein) және қабықшалы Е1 және Е2/NS1 гликопротеиндер. Құрылымсыз белок құрамына (NS1, NS2, NS4, NS5) ферментативті белсенді протеиндер кіреді. Осы барлық белоктарға қарсы науқас ағзасында иммунохимиялық әдістермен анықталатын антиденелер (анти –НСV) түзіледі.


– Аурудың белгілері қалай білінеді?

– Аурудың екі кезеңі бар: жедел және созылмалы. Біріншісі вирус жұққаннан кейін 1 айдан 6 айға дейін және 2-ден 12 аптаға дейін созылады. Осы уақыт ішінде вирус өз белгілерін сездіре бастайды. Кейбір науқастарда ауру белгілері мүлдем байқалмайды. Кейбірінде белгілері болады. Бірақ, науқас оны әдеттегі тұмау немесе шаршау деп есептеуі мүмкін Ең жиі кездесетін белгілері:

фото: vseojkt.ru

  • Асқазанның төмен жағының ауруы, әдетте оң қабырға астының ауруы;
  • Кіші дәреттің сарғаюы;
  • Жиі шаршап қалу;
  • Үнемі жүректің айнуы, кейде құсу;
  • Тәбеттің жоғалуы. Көп жағдайда аз мөлшерде тамақтанғаннан кейін азқазан толып қалған сияқты сезілу;
  • Бұлшық еттердің, буынның тұмау кезіндегідей сырқырап ауруы;
  • Дене қызуының көтерілуі;
  • Тері мен көз ағының аздап сарғаюы.

Бұл аталған барлық белгілер бір уақытта бола бермейді. Сонымен қатар, бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Егер бұл кезең басқа аурулармен қатар келсе, науқас С гепатитін сезбей де қалады. Содан кейін жедел кезең аяқталады және келесі – созылмалы кезең басталады.


С гепатитін қай жерден жұқтыруға болады?

– Инфекция көзі, механизм мен таралу жолы ВГ сәйкес келеді. ГС инфекция көзі – жедел және созылмалы формаларымен ауыратын науқас. Эпидемиологиялық мағынасы жағынан парентеральді берілу жолы маңызды. Көбінесе ВГС-мен қан және оның препараттарын құйғанда жұғады. ГС қоздырғышын посттрансфузионды гепатиттің негізгі этиологиялық факторы ретінде есептейді. Гемофилиямен ауыратын науқастарда инфекция жиі кездеседі. Донорды тестілеу, концентрленген қан және оның дериваттарын ГС-ға тексеру міндетті түрде жүргізіледі. ГС көбінесе наркотикалық заттарды паренеральді қолданатын наркомандарда кездеседі. Қазіргі уақытта бұл топ эпидемиялық маңызы аса қауіпті ВГС-н инфицирленгендер қатарына жатады. Қоздырғыштық гетеро және гомосексуалді қатынас кезінде тұрмыста, инфицирленген анасынан баласына берілуі өз орнын алады. Бірақ ГВ қарағанда азырақ кездеседі.

фото: mama12.ru

– Қай жастағы адамда кездеседі?

– Ересектерде жиі кездеседі. Кейде балалар да ауырады.


– Ауруды дер кезінде емдемей, одан айықпаса не болады?

– С вирусты гепатиті секілді қан арқылы жұғатын гепатиттердің 30-40 пайызы созылмалы түрге айналып кетуі мүмкін. Жедел емделмесе цирроз ауруына, тіпті әрі қарай бауыр қатерлі ісігіне ұласуы мүмкін.


– Айгүл Абуқызы, маңызды мәліметтеріңізге рахмет!


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖАЗДА мазалайтын МЫНА ауруды қалай ЕМДЕУ керектігін білесіз бе?


ІШЕКТІҢ жұмысын піскен АЛМА жақсартады


МАСА шаққанда денеңізге ҚАРА БҰРЫШ майын жағыңыз