​ІШЕКТІҢ жұмысын піскен АЛМА жақсартады

0
3 943

Біле жүріңіз


​ІШЕКТІҢ жұмысын піскен АЛМА жақсартады

фото: news.myseldon.com

Ішек – біздің денеміздегі жол. Ішек арқылы біздің ағзамыз қажетті қорегін алады. Оның жұмысы жақсы болу керек. Сондықтан да бүкіл ағзаның және әрбір органның жұмысы ішектің күйіне және функционалдық белсенділігіне байланысты екенін білуіміз керек. Егер асқазан-ішек жолы бұзылса, бұл ас қорытудан ғана көрінбейді. Оған қоса, теріде проблема болады, созылмалы шаршау мазалайды және иммунитет төмендейді. Ішектің дұрыс жұмыс істеуі үшін оған көмектесу керек.


Ішектің жұмысын жақсарту үшін – физикалық белсенділікті жақсартыңыз, дұрыс тамақтаныңыз, жақсылап тынығыңыз. Оған қоса, мына әдіспен ішектің жұмысын жақсарта аласыз:


Қараөрік

Жаңа піскен қараөрікті жиі жеңіз. Болмаса кептірілген жемісті қайнатып ішесіз. Бұл ішектің жұмысын жеңілдетіп, керемет жұмыс істеуіне ықпал етеді. Оған қоса, өт айдайтын қасиетке ие екенін ескеріңіз.

Қара өріктің шырыны бактерияға қарсы ем болады. Оны ішкен кезде ішек ылғалданып, жұмысын жақсартады.

фото: zdorovie24.ru


Кефир

Ішектің жұмысын керемет жақсартатын бірден-бір дәрі – кефир екенін білесіз бе? Егер үлкен дәрет уақыты бұзылса, онда күнде жатар кезде 1 стақан кефир ішіңіз. Емді 2-3 күн жалғастырсаңыз, ішектің жұымсы керемет жақсарады.


Зәйтүн майы

Күнде ашқарынға 1 ас қасықтан зәйтүн майын ішіңіз. Сонда ішекті бүкіл шлактан, токсиннен тазартып, жұмысын жеңілдетеді.


Піскен алма

Алма – адам ағзасына пайдалы пектинге, сорбитолға, лактулозаға және целлюлозаға бай. Ал бұл заттар өз кезегінде ішектің жұмысын жақсартып, үлкен дәретте реттейді. Сондықтан алманы пісіріп жеген дұрыс. Дертіңізге дауа тапқыңыз келсе, күніне 3 алма жеңіз.

фото: Яндекс.Дзен


Қызылша

Бұл көкөністің құрамы гемицеллюлозға бай. Бұл зат ағзаның жұмысын жеңілдетіп, жақсартады. Оған қоса, ішектің жұмысын реттейді.

Лимон шырыны мен жылы су

Ішектің жұмысын жақсартып, үлкен дәретте қалпына келтіру үшін лимон салынған жылы су ішіңіз.


Зығыр дәні

Бір уыс зығыр дәнін 1 стақан қайнаған суға салып, тұныдырып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, ішесіз. Бұл тұнба ішектің жұымсын жақсартады.


Інжір

Інжір пектиннің қайнар көзі. Ол үлкен дәретті қалпына келтіріп, ішектің жұымысн жақсартады.


Су

Ішектің дұрыс жұмыс істемеуіне – сусынның жеткіліксіздігі де себеп болады. Күніне қажетті мөлшерде су іше алмасаңыз, онда ішектің жұмысы баяулайды. Нәтижесінде ішекте проблема болады.


Ішектің жұмысын жақсарту үшін:

  • Жылына 2 рет ішектің, асқазан мен асқорыту жүйесінің жолдарын тексертіп тұрыңыз.
  • Қатты тағамдарды көп жемеңіз. Әрбір асты ұзақ шайнап жеуге тырысыңыз.
  • Тамақтанып болған соң 30 минут жаяу жүріңіз. Физикалық жаттығу жасаңыз, бұлшықеттеріңізді шынықтырыңыз. Бұл ішектің жұмысын жақсартуға ықпал етеді.
  • Көбірек су ішіңіз әрі құрамы жасұныққа бай тағамдарды тұтыныңыз.
  • Алкогольді ішімдікті, қуырылған, майлы әрі ұннан жасалған тағамдарды шектеңіз.
  • Стресс алудан сақтаныңыз.
  • Күнде бір уақытта тамақтаныңыз. Дәретханаға да бір уақытта баруға әдеттеніңіз.


Айтылған әдістерді қолдансаңыз, ішектің жұымысн жақсара аласыз.



Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!


Дереккөз: medaboutme.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТІЗЕНІҢ ауырғанын балғын ҚИЯР емдейді


Аузыңыздың ДӘМ СЕЗБЕЙ қалуына не СЕБЕП болатынын білесіз бе?


ТЕМЕКІні тастағыңыз келсе СҰЛЫ қайнатпасын ішіңіз