​БАЛАНЫҢ ТІЛІ АНЫҚ БОЛМАСА: Қандай жағдайда дәрігер көмегі керек?

0
207

Бала тілінің анық шығуына көмектесетін жаттығулар


​БАЛАНЫҢ ТІЛІ АНЫҚ БОЛМАСА: Қандай жағдайда дәрігер көмегі керек?

Сурет: ЖИ

Баланың дыбыстарды анық айта алмауы немесе бұрмалап сөйлеуі жиі орын алады. Бұл медицина мен логопедияда артикуляциялық аппараттың қалыптасу кезеңіне немесе бұлшықет тонусының ерекшеліктеріне байланысты қарастырылатын жағдай. Кейде жай гана физиологиялық бөгет болса, кейде тіл асты жүгеншігнің қысқалығынан немесе неврологиялық себептерден (дизартрия) туындайды. Баланы уақытылы қолдап, жүйелі жаттығулар жасау арқылы сөйлеу аппараттының икемділігін толық калыпына келтіруге болады.


Қандай жағдайда мән беру керек?

  • 2-3 жас: Бала қарапайым сөйлемдерді құрай алуы тиіс. Дыбыстарды анық айтпауы (бөбек тілі) бұл кезеңде қалыпты.
  • 3-4 жас: «С», «З», «Ц» сияқты ысқырық дыбыстар сөйлеуде анықтала бастайды.
  • 4-5 жас: «Ш», «Ж», «Ч», «Щ» шиқылдақ дыбыстары толық қалыптасуы тиіс.
  • 5-6 жас: Ең күрделі «Р» және «Л» дыбыстары сөйлеу айналымына енуі керек. Егер 5 жастан асқан бала бұл дыбыстарды айта алмаса, маман көмегі қажет.


Артикуляциялық гимнастика

Жаттығуларды күн сайын 10-15 минут айна алдында жасатқан жөн. Бұл балаға тіл, ерін, жақ сынды өз сөйлеу мүшелерінің қозғалысын көруге және бақылауға мүмкіндік береді.

«Р» және «Л» дыбыстарын қоюға арналған жаттығулар:

  • «Ат шабысы». Ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабыстырып, аттың тұяғының даусы сияқты шылпылдету. Тіл асты желкенін созуға өте пайдалы.
  • «Тоқылдақ». Ауызды ашып, тілдің ұшымен үстіңгі тистің артына жиі-жиі тигізе отырып, «д-д-д-д» дыбысын айту. Бұл тіл ұшының дірілін (вибрациясын) қалыптастырады.
  • «Тәтті тосап». Тілдің жалпақ ұшымен үстіңгі ерінді жоғарыдан төмен қарай жалау. Тілді жан-жаққа сүйретпей, тек жоғары-төмен қозғалту маңызды.
  • «Күрекше». Ауызды кең ашып, босаңсыған тілді төменгі еріннің үстіне жайып қою. Бұл бұлшықетті босаңсытуға көмектеседі.
  • «Сағат». Ауызды сәл ашып, тілдің ұшын кезегімен оң жақ және сол жақ езуге тигізу.


«Ш», «Ж», «С», «З» дыбыстарына арналған жаттығулар:

  • «Кесе». Ауызды кең ашып, тілдің ұшы мен шеттерін жоғары көтеріп, кесе пішініне келтіру. Тілді ауыздың ішінде осы қалыпта 5 секунд ұстап тұру.
  • «Тісті тазалау». Ауызды сәл ашып, тілдің ұшымен төменгі (кейін үстіңгі) тістердің ішкі жағын оңға-солға қозғалту.


Сөйлеу тынысын дамыту

Дұрыс тыныс алусыз тузу, сонымен бірге ұзақ сөйлемдерді анық айту мүмкін емес. Сөйлеу кезінде демді ауызбен бағытты түсуге үйрету керек.

  • «Үрлемелі футбол». Үстелге мақтадан немесе жеңіл қағаздан жасалған шарик қойып, екі жағына «қақпа» орнатыңыз. Бала ұрттарын томпайтпай, тек тіл ортасы арқылы ауа ағынын бағыттап, «гол» соғуы керек.
  • «Шамды өшіру». Балаға саусағын «шам» ретінде көрсетіп, белгілі бір қашықтықтан ақырын, ұзақ әрі бірқалыпты үрлету.
  • «Сабын көпіршіктері». Көпіршік үрлеу үшін алдымен демді ішке жинап, сосын баяу, бірқалыпты үрлеу қажет. Осы процесті бақылауда ұстап, дәлме-дәл орындаса, аса пайдалы жаттығуға айналады.


Майда моторика және сөйлеу орталығы

Адам миының қыртысында қол саусақтарының қозғалысына жауап беретін аймақ пен сөйлеу орталығы көршілес орналасқан. Саусақ икемділігін дамыту сөйлеу аппараттының жұмысын тікелей белсендіреді.

  • Су-джок терапиясы. Арнайы тікенді допшалар мен саусаққа кигізілетін серіппелі сақиналармен күнделікті 2-3 минут массаж жасау.
  • Дәнді дақыл, жарма, бұршақтармен жұмыс, Ыдысқа фасоль, бұршақ немесе күріш, т.б. дәнді дақыл салып, ішіне ұсақ ойыншықтарды жасыру. Бала саусақтарымен сол заттарды іздеп табуы тиіс.
  • Моншақтарды жіпке тізу, пластилиннен түрлі пішіндер жасау, сурет бояу және саусақ ойындары (саусақ массажы) да пайдалы жаттығу түрлері.


Ата-аналарға логопед кеңесі

Жаттығуларды күн сайын 5-10 минуттан ойын түрінде өткізген тиімді. Балаға қысым жасамай, әрбір дұрыс айтылған дыбысын ынталандырып отыру қажет. Егер 4-5 жасқа дейін бала күрделі дыбыстарды («Р», «Л», «Ш», «Ж») мүлдем айта алмаса, тіл асты қысқалығын немесе бұлшықет тонусын тексеру үшін логопед-дефектолог пен балалар неврологінің оффлайн консультациясынан өткен жөн.

Егер бала;

  • 4 жастан асқанда да сөздерді мүлдем түсініксіз айтса
  • сілекей ағуы байқалса
  • кейбір дыбыстарды айтуда қатты қиналып, басы немесе иегі дірілдесе –

бұл бұлшықет тонусының бұзылуын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда тек логопед жаттығулары жеткіліксіз. Баланы логопед-дефектологпен қатар балалар неврологіне көрсету қажет. Маман арнайы ем, логопедиялық массаж тағайындау қажеттілігін анықтайды.

Төре СЕЙІТХАН,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖАСӨСПІРІМдердегі ТАМАҚТАНУ тәртібінің бұзылуы