Ақмола облысында ер адам қымыз ішемін деп бір жылға сотталып кетті

0
240

​Ол көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылды.


Ақмола облысында ер адам қымыз ішемін деп бір жылға сотталып кетті

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

ERNUR.KZ. Ақмола облысының тұрғыны осыған дейін бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, ішімдікке сылқия тойып алып, қайта рульге отырған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сотта ол бұған дейін көп мөлшерде ұлттық сусын – қымыз ішкенін айтып ақталмақ болған.

Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.

«Сотталушының кінәсін мойындағанын және оның жас балалары бар екенін ескере отырып, сот үкімімен оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Астана қаласының прокуратурасы көлік құралын масаң күйде басқармауға шақырады, өйткені мұндай әрекет азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіріп, қатаң жауаптылыққа әкеп соғады.