ҰСТАЗДАР мен ОҚУШЫЛАРға арналған республикалық белсенді БАЙҚАУЛАР

0
159

Қалай қатысуға болады? Өтінім қайда жібересіз?


ҰСТАЗДАР мен ОҚУШЫЛАРға арналған республикалық белсенді БАЙҚАУЛАР

Сурет: ЖИ

Замануи мұғалім үшін білім ордасындағы қызметтік міндеті сабақ берумен шектелмейді. Ұстаз өз тәжірибесін үнемі жетілдіріп, жаңа әдістерді іздеп, кәсіби ортада белсенді болуы маңызды. Осындай мүмкіндіктердің бірі – республикалық байқаулар мен халықаралық зияткерлік марафондарға қатысу.

Жыл сайын педагогтер мен оқушылар үшін шығармашылық, әдістемелік және зияткерлік бағыттағы бірқатар байқау мен марафон ұйымдастырылады. Олардың арасында мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін танытуға арналған жобалар да, оқушылардың өнері мен білімін сынайтын сайыстар да бар. 2026 жылдың соңғы санаулы айында қалған, дәл қазіргі уақытта белсенді және жуырда басталғалы тұрған байқаулар легін ұсынамыз.


Музыка мен бейнені ұштастыратын байқау

Шығармашылыққа жақын педагогтер үшін «Әуен мен кескіннің құдіреті» республикалық байқауы қызықты болуы мүмкін. Байқау композитор Латиф Хамидидің 120 жылдығына арналған. Қатысушыларға оның шығармашылығына байланысты бірнеше тақырыптық номинация ұсынылады. Бұл жоба мектеп мұғалімдерімен қатар мектепке дейінгі, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне де ашық. Жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдар беріледі. Сондай-ақ, барлық қатысушы электрондық сертификат алады.

  • Өткізу мерзімі: 13 тамыз – 21 қыркүйек, 2026 жыл
  • Өтінім қабылдау: 14 қыркүйекке дейін
  • Платформа: smartziyatker.kz


Білімін сынағысы келетін ұстаздарға – «ПолиМат»

Кәсіби білімін тексеріп, ойлау қабілетін шыңдағысы келетін педагогтер «ПолиМат» халықаралық эвристикалық марафонына қатыса алады. Марафон педагогтердің тәжірибелік білімін жетілдіруге, жан-жақты дамуына және кәсіби белсенділігін арттыруға бағытталған. Оған білім беру ұйымдарының педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, педагог-психологтер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Онлайн тестілеу аяқталғаннан кейін қатысушы өз нәтижесін арнайы бөлімнен көріп, дипломы немесе сертификатын жүктей алады.

  • Өткізу мерзімі: 3 тамыз – 4 қазан, 2026 жыл
  • Форматы: онлайн
  • Платформа: urkerplatform.kz


Әдістемелік идеясын танытқысы келетін ұстаздарға

Педагогтердің кәсіби тәжірибесін көрсетуге бағытталған маңызды жобалардың бірі – «Әдістемелік вернисаж» республикалық байқауы. Мектепке дейінгі, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған. Негізгі мақсаты – шығармашыл ұстаздардың тәжірибесін насихаттау, тиімді әдістемелік жұмыстарды таныстыру және білім беру саласындағы жаңа идеяларды қолдау.

Егер сіз сабақта қолданатын авторлық әдісіңізді, қызықты оқу тәсіліңізді немесе өзіңіз әзірлеген әдістемелік материалды көпшілікке ұсынғыңыз келсе, бұл байқау соған қолайлы мүмкіндік. Байқаудың басты құндылығы – мұғалімнің күнделікті жұмысында қолданатын идеясын кәсіби ортаға шығару. Кейде сыныпта жақсы нәтиже берген қарапайым әдіс басқа педагогтер үшін де пайдалы тәжірибеге айналуы мүмкін.

  • Өткізу мерзімі: 17 тамыз – 10 қазан, 2026 жыл
  • Өтінім қабылдау: 25 қыркүйекке дейін
  • Платформа: smartziyatker.kz


Оқушының зияткерлік қабілетін дамытуға арналған марафон

Мұғалім үшін өз білімін жетілдірумен қатар, оқушысына да жаңа мүмкіндік ұсыну маңызды. Осы тұрғыдан «МегаМозг» халықаралық зияткерлік марафоны оқушыларға арналған қызықты жобалардың бірі.

Марафонның мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, олардың зияткерлік қабілетін дамыту және олимпиадаларға дайындық деңгейін арттыру. Онлайн форматта өтетін марафонға 5–11 сынып оқушылары мен колледждің 1–2 курс студенттері қатыса алады. Қатысушылар математика, жаратылыстану, физика, химия, биология, география, информатика, тілдер, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, көркем еңбек, музыка және дене шынықтыру сияқты бағыттар бойынша білімін сынайды. Марафон қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Нәтижесінде қатысушылар дипломдар мен сертификаттарын жүктей алады.

Жарыс жас ерекшелігіне қарай бірнеше кезеңге бөлінген:

  • 9–11 сыныптар және колледждің 1–2 курс студенттері: 3–23 тамыз
  • 7–8 сыныптар: 24 тамыз – 13 қыркүйек
  • 5–6 сыныптар: 14 қыркүйек – 4 қазан


Оқушының шығармашылығын да назардан тыс қалдырмайық

Ұстаз оқушының тек пәндік білімін емес, шығармашылық қабілетін де дамытуға жағдай жасауы керек. Осы мақсатта 2026 жылы бірнеше республикалық онлайн-көрме ұйымдастырылуда. «Экошығармашылық әлемі» көрмесі 4–17 жас аралығындағы балаларға арналған. Мұнда ескі заттарға жаңа өмір сыйлап, олардан пайдалы немесе көркем бұйым жасауға болады. Эко-декор, пайдалы бұйымдар, эко-сән, эко-арт және эко-робот сияқты бағыттар қамтылған.

  • Өткізу мерзімі: 10 тамыз – 25 қыркүйек, 2026 жыл
  • Өтінім қабылдау: 25 қыркүйекке дейін


Ал қолөнерге қызығатын 7–17 жастағы оқушылар «Жас шеберлер вернисажы» республикалық онлайн-көрмесіне қатыса алады. Көрмеде сәндік-қолданбалы өнер және көркем шығармашылық бағыттары бар.

  • Өткізу мерзімі: 10 тамыз – 30 қыркүйек, 2026 жыл
  • Өтінім қабылдау: 25 қыркүйекке дейін


Сурет салуға қызығатын балалар үшін «Бояулар мен қиял әлемі» республикалық онлайн-көрмесі ұйымдастырылады. Оқушылар кескіндеме, графика және мүсін өнері бағыттары бойынша жұмысын ұсына алады. Бұл көрмеге де 7–17 жас аралығындағы білім алушылар қатысады.

  • Өткізу мерзімі: 10 тамыз – 30 қыркүйек, 2026 жыл
  • Өтінім қабылдау: 25 қыркүйекке дейін


Көрмелердің ерекшелігі – оқушының жұмысы автордың аты-жөні көрсетіле отырып, smartziyatker.kz платформасында жарияланады. Барлық қатысушыларға электрондық сертификаттар, ал педагогтер мен жетекшілерге алғыс хаттар беріледі.


Ұлттық өнерге қызығатын оқушыларға

Ұлттық мәдениет пен музыканы дәріптеуге бағытталған «Абай әлеміне саяхат» республикалық байқауы да оқушылар үшін жақсы мүмкіндік. Байқауға 11–17 жас аралығындағы білім алушылар қатыса алады. Жеке немесе топ болып өнер көрсетуге мүмкіндік бар. Қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармаларын вокалдық немесе аспаптық орындау арқылы ұсынады.

Байқау қорытындысында Бас жүлде, I, II және III дәрежелі дипломдар табысталады. Барлық қатысушылар электрондық сертификат алады.

  • Өткізу мерзімі: 10 тамыз – 8 қыркүйек, 2026 жыл
  • Өтінім қабылдау: 3 қыркүйекке дейін
  • Платформа: smartziyatker.kz


Байқауға қатысар алдында нені ескеру керек?

  • Республикалық байқауға қатысу үшін ең алдымен оның ережесін мұқият оқу қажет. Қатысушы жұмыстың тақырыбына, форматына, жас ерекшелігіне, өтінім беру мерзіміне және талап етілетін құжаттарға назар аударғаны дұрыс.
  • Мұғалімдер үшін тағы бір маңызды нәрсе – байқауды тек сертификат алу құралы ретінде қарамау. Ең бастысы өз тәжірибеңізді бағалау және кәсіби дамуға мүмкіндік іздеу.
  • Ал оқушыны байқауға дайындағанда оның қызығушылығын ескерген жөн. Бір бала есеп шығаруға бейім болса, екіншісі сурет салуға, үшіншісі музыкаға немесе қолөнерге қызығуы мүмкін. Ұстаздың міндеті – сол қабілетті байқап, оны дамытуға дұрыс бағыт беру.

Республикалық байқаулар мен марафондар мұғалімге де, оқушыға да өз мүмкіндігін байқап көруге жол ашады. Сондықтан оқу жылын жаңа мақсатпен бастағысы келетін педагогтер үшін байқаулар күнтізбесін алдын ала қарап, өзіне және оқушыларына сәйкес бағыттарды таңдап қойған пайдалы. Мұндай шараларға қатысу міндетті түрде жүлде алумен ғана өлшенбейді. Байқау – өз тәжірибеңізді саралау, жаңа идея көру, басқа қатысушылардың жұмыстарымен танысу және кәсіби ортада өзіңізді сынап көру мүмкіндігі. Бүгінгі шағын қадам – ертеңгі үлкен жетістіктің бастауы болуы мүмкін.

Ханбибі ОРАЛ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

МҰҒАЛІМНІҢ бірнеше жұмысын атқаратын бір ғана ЖИ