"Жылағым келіп тұр": Дубайда қалып қойған Жанболат пен Жазира елге оралды

0
85

Жұлдызды жұп отбасымен Дубайдан Маскатқа, кейін Ыстамбұл арқылы Астанаға жеткен.


Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты елге қайта алмай қалған әншілер Жанболат Ерболатов пен Жазира Байырбекова елге оралды, деп жазады stan.kz.

Қуанышты жаңалықты әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Жұлдызды жұп отбасымен Дубайдан Маскатқа, кейін Ыстамбұл арқылы Астанаға жеткен.

“Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын”, – деп жазды ол.

Өнер иесі жариялаған видеодан олар ұлы мен келіні, кенде қызымен бірге елге қайтқанын көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін танымал жұлдызды жұп Жанболат Ерболатов пен Жазира Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты Дубайда қалып қойғаны хабарланған еді. Олар Біріккен Араб Әмірліктеріне демалуға барған көрінеді, алайда барлық әуе рейсі тоқтатылғандықтан, елге қайта алмай қалған.