"Жаңа жылда шырша харам деп едіңіз ғой": Рүстем Жүгінісов шоқынамын деп сынның астында қалды

0
103

Желі қолданушылары оның мұсылман бола тұра неліктен мұндай әрекетке барғанын түсінбей, түрлі пікір қалдырып жатыр.


Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Танымал әнші Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желідегі парақшасында шоқынған сәтінен видео жариялап, сынның астында қалды, деп жазады stan.kz..

Ол христриан дініндегі ең маңызды діни рәсімдерінің бірін орындаған сәтінен видео жүктеді.

Алайда желі қолданушылары оның мұсылман бола тұра неліктен мұндай әрекетке барғанын түсінбей, түрлі пікір қалдырып жатыр.

“Ислам дінінде қыста суық суға шомылу деген жоқ қой”, “Тура осы күні емес шығар енді”, “Жаңа жылда шырша харам деп алып, шоқынуда суға түскені қалай кетті”, “Орыстардың мейрамында суға түсіп “Бісміллә” деген қалай?”, “Мыналар өзі қай дінді ұстанатындарын біле ме? Орыстың шоқынуында суға түскені несі?”, “Мынау қуып кетіпті ғой”, “- деп жазды олар.