Темірлан Еңсебек ісі: Qaznews24 сатиралық парақшасы жабылды

0
296

Темірлан Еңсебек Qaznews24 жобасынан ресми түрде кеткені белгілі болған еді.


Темірлан Еңсебек ісі: Qaznews24 сатиралық парақшасы жабылды

Коллаж: Stan.kz

ERNUR.KZ. Qaznews24 сатиралық парақшасы жабылды, деп жазады stan.kz.

"Құқық қорғау органдары тарапынан редакция мүшелерінің туыстарына қысым жасалып, жаңа тергеу тексерістері басталғанына байланысты агенттігімізді жабу туралы шешім қабылдадық. Қазіргі жағдайда біз өз жұмысымызды жалғастырып, Конституцияда кепілдік берілген сөз бостандығы мен шығармашылық құқығымызды жүзеге асыра алмаймыз", – делінген Qaznews24 жариялаған жазбада.

Сонымен қатар, редакция мүшелері ешқандай грант алмағандарын алға тартты.

"Грант алып отырды деген ақпраттарға сенбеңіздер. Qaznews24 жұмыс істеген бүкіл кезеңде жарнама берушілер мен жазылушылардың донаттарынан басқа ешкімнен бір тиын да алған жоқ. Біз қалаған жалғыз нәрсе – саяси сатираның елімізде өмір сүруге құқығы бар екенін көрсету ғана еді", – деп қосты авторлар.

Айта кетейік, Темірлан Еңсебек Qaznews24 жобасынан ресми түрде кеткені белгілі болған еді.

Еске салайық, Qaznews24.kz парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді. Оған Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалған.

Кейін полиция департаменті Темірлан Еңсебекті “ұлтаралық алауыздықты қоздыратын айқын белгілері бар материалды орналастырғаны” үшін ұстағанын мәлімдеді.