«Тақияның қадірін кетіріп болды ғой»: тойда билеген жігіт жұртты ашуландырды (ВИДЕО)

0
224

​Видео әлеуметтік желіде таралды.


«Тақияның қадірін кетіріп болды ғой»: тойда билеген жігіт жұртты ашуландырды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Тойлардың бірінде басындағы тақиясын шешіп билеген жігіт жұртты ашуландырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видеоға назар аударсақ, тақиясын шешкеннен кейін билей жөнелсе, киіп алғаннан кейін тоқтап қалады.

Ер адамның бұл биіне желі қолданушыларының бір бөлігі наразылық білдіріп, реніштерін жеткізсе, екінші тарап қолдау білдірді.

«Тақияның қадірін кетіріп болды ғой», «Өмірлеріңді киындатпаңдаршы, тақияны сыйлайтыны көрініп тұр», «Енді осы күлкілі ме?», «Ырбың-жырбың», «Тақия сендерге мазақ па?», «Бұны нәпсіні тізгіндей алу дейді», «Мына жерде қадірін кетіріп жатқан жоқ. Керісінше қадір қасиетін көрсетіп жатыр ғой. Биі де оп-оңды», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Алтынай Жорабаева тойда ортаға шығып билегені үшін сынға ұшыраған болатын.