"Нұр-Мұқасан" тобының әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

0
143

Жәбірленушінің заңгері Инга Иманбайдың айтуынша, жанжал топ орындайтын әнге байланысты туған.


Фото: Іnstagram.com/mukassan_shakhzadayev/zhan_ahmadiev

ERNUR.KZ. “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа қатысушысы Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде топтың экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың өзін сабап тастағанын айтқан еді. Алматы полиция департаменті әншіге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады stan.kz.

Жәбірленушінің заңгері Инга Иманбайдың айтуынша, жанжал топ орындайтын әнге байланысты туған.

"Ғалымжан мәселені келісіммен шешкісі келіп, жағдайды сөйлесіп талқылау үшін Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда әңгіме бірден жанжалға ұласқан. Сүлейменн Шахзадаев пен оның екі досы оған шабуыл жасап, ауыр жарақаттағанын айтып отыр. Шахзадаев тіпті сол сәтте мас болған көрінеді”, – деді Инга Иманбай.

Заңгердің сөзінше, Сүлеймен жағдайы қиындаған кезде ғана дәрігерге жүгінген. Тексеру нәтижесінде оның мұрны мен қолы сынғаны анықталған. Қазір ол ем қабылдап жатыр және шабуыл жасағандар жауапкершіліктен жалтарып кетуі мүмкін деп алаңдайды.

Сондай-ақ Инга Иманбай Мұқасан Шахзадаевтың бірнеше күннен бері байланысқа шықпай отырғанын алға тартты.

Ал жәбірленуші құқық қорғау органдарына ресми шағым түсірген.

Полиция не дейді?

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“2024 жылғы 22 қарашада Наурызбай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалардың тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінді. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу объективтілікті, толықтықты және жан-жақтылықты қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады”, – делінген хабарламада.