Ninety One тобының мүшесі Азамат Ашмақын көпшілікке сүйіктісін таныстырды

0
247

​Ол екеуі бейнежазба түсірген.


Ninety One тобының мүшесі Азамат Ашмақын көпшілікке сүйіктісін таныстырды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Ninety One тобының танымал мүшесі Азамат Ашмақын (көпшілікке Ace лақап атымен танымал) өзінің Instagram парақшасында сүйіктісімен бірге түскен бейнежазба жариялап, қарым-қатынасын ресми түрде жария етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл жаңалық тыңдармандар мен әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, бойжеткеннің есімі – Нұрила Шәкірова. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзін продюсер ретінде көрсеткен. Желі қолданушылары оның сымбатына және жұптың үйлесіміне жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Азамат Ашмақын жазбасында сүйіктісіне деген ерекше ықыласын жеткізіп, оқырмандарымен өзінің ішкі толғанысын жасырмаған.

«Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Ол менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді. Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Бақытты болыңыздар. Танысып қойыңыздар, бұл – Нұрила», – деп жазды әнші.

Осыған дейін топ мүшелері Батырхан Мәліков мен Дулат Мұхаметқали өз командасында еңбек ететін бойжаткендерге үйленген еді. Олардың қазір балалары бар.