Оның айтуынша, бұл әдіс несиені оңай жабудың жолы.
Фото: скрин
ERNUR.KZ. Желіде өзін психолог деп таныстырған Ләззат Нұрлыбек есімді әйел несиесі барларға банк алдындағы қарыздан қалай құтылудың жолын үйретті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Айтуынша, несиені «садақа таратқандай» қайтару керек, осылайша ол көпшілікке банк алдындағы жауапкершілікті ысырып қоюға кеңес берді.
«Кезекті кредит төлер кезде садақа беріп жатқандай төлесеңіз, сіз сауапқа кенелесіз. Бір жағы ол келесі жолы сіз үйреніп аласыз. Ақша сізден оңай шығатын болады. Сіздің табысыңыз еселене береді. Әдетте біз кредит төлейтін кезде қиналып, уайымдап, өзімізден зорға шығарамыз. Сол дұрыс емес деп ойлаймын. Егер садақа ретінде берсеңіз, ішкі жан-дүниеңіз де риза болады, мүлде басқа жағдайға өтесіз», - деді желі психологі.
Оған көпшілік түрлі пікір қалдырып жатыр.
«Ештеңе демей-ақ төлей берсеңдер болады ғой». «Уақытылы төлеп отырғанның өзіңе жақсы», «үкіметке де садақа деп төлеу керек деші», «ақылдылар көбейіп барады», «банкте қызмет етпейсіз бе? «Садақа мен кредитті салыстырғаныңыз қалай», - деп жазып жатыр желі қолданушылар.