Қыздың алтын емес, мектепке қажет дүниені сұрағанына желідегілер таңғалып жатыр.
Фото; скрин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жұбайынан мәһрге түрлі түсті принтер сұраған мұғалімнің видеосы танымал болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жас жұбайлардың мешіттегі неке қию рәсімі кезінде имам келіншектен сыйлыққа не қалайтынын сұраған. Мұғалім жұбайынан түрлі түсті принтер алып беруін өтінді.
Көп келіншек әдетте алтын әшекей сұрайтыны белгілі.
«Алтын күте тұрсын, принтер маңыздырақ» - деп жазба қалдырды автор.
Қалыптасқан дәстүрді бұзған мұғалімге желідегілер әзіл аралас пікірлер қалдырып жатыр.
«Неке қиып жатса да, жұмысын ойлайтын мұғалімдер-ай», «мен де қазіргі уакытта тұрмыс құрсам солай айтар ма едім, мұғалімдер-ай, неге бізді Құдай осылай жаратты екен», «мен де 10 жыл бұрын мамандығыма байланысты принтер мен ноутбук сұраған едім, есіме түсіп кетті ғой», «киім алса да, мектепке киюге болатынын ойлап тұратын мұғалімдер-ай», - деп жазып жатыр қалың жұртшылық.


