Мұқасан Шахзадаев "Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісін соққыға жықты деп айыпталды (видео)

0
145

Әншінің айтуынша, Мұқасан Шахзадаев хабарласып әндерді рұқсатсыз орындағаны үшін сотқа бергенін айтқан.


Мұқасан Шахзадаев

Фото: Іnstagram.com/mukassan_shakhzadayev/zhan_ahmadiev

ERNUR.KZ. “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа қатысушысы Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде топтың экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың өзін сабап тастағанын айтты, деп жазады stan.kz.

"Әншінің айтуынша, Мұқасан Шахзадаев хабарласып әндерді рұқсатсыз орындағаны үшін сотқа бергенін айтқан. Алғашында келіскенде түсінген еді. Ертесі күні жанындағы күшіктерімен келді. Боқтап, боралаған соң шығып кеттім. Сөйтіп қақпадан шығып бара жатқанда артымнан келіп өзі ұра бастады. Жанындағы екеуі жабылды”, – дейді Ғалымжан Сүлеймен.

Сондай-ақ ол әншінің мас күйде болғанын айтады.

“Оны тіпті қамаған жоқ. Есік алдынан қол бұлғап “білгеніңді істе” деп шығарып салды. 102 мені алып кетті”, – деді өнер иесі.