Оған Альбина есімді ару электронды өтініш жіберген көрінеді.
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
ERNUR.KZ. Қазақ эстрадасындағы танымал әнші Қазыбек Құрайыш әлеуметтік желісіне stories жариялап, өзіне белгісіз арудың некені тіркеу туралы өтінішін көрсетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«-1 бойдақ», - деп жазған әнші парақшасына.
Қазыбек Құрайыш — заманауи қазақстандық әнші, композитор әрі орындаушы, соңғы жылдары тыңдарман жүрегін жаулап, отандық музыка сахнасында ерекше орынға ие болды.
Білім жолы мен өнері
Қазыбек Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «радиотехника, электроника және коммуникация» мамандығы бойынша білім алған. Кейін Ресейдің Самара қаласында аэроғарыш саласы бойынша магистратураны тәмамдаған. Алайда, 2018 жылы Астанаға жұмыс іздеп келген кезінде, күтпеген жерден музыкаға бет бұрды. Досы Ізбасар Кеңесовтің студиясында уақыт өткізіп жүріп, алғашқы әндерін жазып, бұл салада өзін сынап көруге шешім қабылдады
Шығармашылық жолы
Бастапқыда Қазыбек әндерін басқа орындаушыларға сатқан. Оның туындыларын Қуандық Рахым, Бүркіт пен Аиша, Ернар Амандық сынды танымал әншілер орындаған. Кейіннен өз атынан ән шығарып, тыңдарманға тікелей жол тартты. «Мінезің көркем» атты әні анасына арналып жазылғанымен, кең аудиторияға жол тауып, үлкен танымалдылыққа ие болды
Қазыбектің репертуарында «Таптым-ау сені», «Көркемім», «Алыстама менен», «Бірге», «Сені іздеп» сынды хит әндер бар.
Жеке өмірі мен ерекшеліктері
Қазыбек Құрайыш көпшілік алдында жиі көріне бермейді, сұхбат беруге құлықсыз. Ол сахнада өзін еркін ұстаса да, камера алдында сөйлеуге шорқақ екенін мойындайды. Дегенмен, тыңдармандарымен әлеуметтік желілер арқылы байланыс орнатып, шығармашылығын көрсетіп отырады.
Қазіргі кезең
2024 жылы Қазыбек Құрайыш Алматы қаласында жеке концертін өткізіп, үлкен жетістікке жетті. Концерт билеттері екі апта ішінде сатылып кеткен.