"Естеріңді жиыңдар, қатындар". Танымал актер Тұрсынбек Қабатовты қолдап жазба жазды

0
187

Өнер иесі өмірдің ер адамдарға да бір-ақ рет берілетінін, оны қадіріңді білмейтен әйелмен қор қылудың қажеті жоқ екенін жазған.


Фото: https://www.instagram.com/beriktursnbekov.official

ERNUR.KZ. "Зу-зу үлпәш” рөлі арқылы танылған танымал актер Берік Тұрсынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында Тұрсынбек Қабатовты қолдап, желі қолданушыларының шамына тиді, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі өмірдің ер адамдарға да бір-ақ рет берілетінін, оны қадіріңді білмейтен әйелмен қор қылудың қажеті жоқ екенін жазған.

“Қатын жолда, бала белде”, жасымаңдар, жігіттер. Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма, өмір бізге де бір-ақ рет беріледі. Біреуді бағу, біреудің көңілін табу бізге міндет емес, өзімізді ойлайық. Баланы еркек үшін ғана туса, тастап кетсін, бала бағу біз үшін міндет емес, бақыт. … деп біз бастамай тұрғанда естеріңді жиыңдар, қатындар халқы”, – деп жазды ол.

Актердің бұл жазбасы әлеуметтік желі беттерінде бірден тарады. Қолданушылар кәнсілдейтін шоу-бизнес өкілдерінің қатарына Берік Тұрсынбековті де қосу керегін жазып жатыр.

“Берік Тұрсынбеков қанша жерден әйелдің рөлін жақсы сомдағанмен, әйелдің жанын түсіне қоймайды екен ғой..)”, “Зу-зу Күлпашқа байкот жариялап жібереміз ба, не істейміз?”, “Мынаны оқып, тааңғалып отырғаным бар, Күлпашқа да байкот па?”, – деп жазды олар.

Айта кетейік, Желі қолданушылары бірқатар өнер жұлдыздарына байкот жариялауға шақырды. Олардың қатарында, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов, актер Нұрсұлтан Жақсыген, әнші, композитор Ақсұңқар бар.