Әнші Заттыбек Көпбосынұлының отбасы қара жамылды

0
89

​Әншінің әкесі өмірден өтті


Әнші Заттыбек Көпбосынұлының отбасы қара жамылды

Фото: Instagram/zattybek

ERNUR.KZ. Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өтті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Қош бол, әке!
Анашыма сәлем айта барыңыз.
Бізде бәрі жақсы де.
Ең үлкеніміз 63- тен асты де,
Ең кішкентай шөберең,
Енді бірден асты де.
Шүкір де,
Біз өсірген ұл-қыздар
Бәрі бүгін өсті де...
Ақымыз болса кешіңіз, әкешім!» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Айта кетерлігі, бірер ай бұрын әнші әкесінің жағдайы 90 жасқа жақындағанда нашарлап бара жатқанын жазып, арнайы жазба жариялаған болатын.