Полиция оны іздеп жатыр.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Амантай қажы Асылбековтің баспалдақтан әйелді итеріп жіберген видеосы желіде тарап кетті. Оқиғаны полиция департаменті де растап отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.