Астанада қоғамдық көліктер жол апатына түсті

0
53

Апат салдарынан "Iveco" автобусының екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.


Астанада қоғамдық көліктер жол апатына түсті

© Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Астанада үш бірдей маршрутты автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 29 қарашада болған.
"Yutong" маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Абылай хан даңғылымен жүріп, қауіпсіз қашықтықты сақтамай, ілеспе бағытта келе жатқан "Iveco" маркалы маршруттық автобуспен соқтығысқан", - дейді полиция.
Инерция соққысынан "Iveco" автобусы көлік ағынында тұрған ұқсас маркалы басқа маршруттық автобусқа соғылған. Апат салдарынан "Iveco" автобусының екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция жасағы оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр.