Әйелдерге екі күйеуге шығуға заңмен рұқсат ету керек: Баян Алагөзова Абзал Құспанға жауап берді

0
145

Бұған дейін мәжіліс депутаты Абзал Құспан екінші және үшінші некесіз әйелдер туралы айтып, көп әйел алуды заңдастыру жайлы пікір айтқан еді.


Әйелдерге екі күйеуге шығуға заңмен рұқсат ету керек: Баян Алагөзова Абзал Құспанға жауап берді

фото:stan.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзова Қазақстанда әйел адамдардың екі ер адамға қатар күйеуге шығуын заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол өзінің бұл ұсынысын Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялады.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Абзал Құспан екінші және үшінші некесіз әйелдер туралы айтып, көп әйел алуды заңдастыру жайлы пікір айтқан еді. Абзал Құспан елімізде көптеген дәулетті ер адамның, соның ішінде шенеуніктердің де «тоқалдарымен» бірге тұратынын айтқан болатын. Ол ежелгі қазақ дәстүрі – «әмеңгерлік» туралы еске салып, бұрын жесір қалған әйелді қамқорлығына алу адамгершілік мақсатта болғанын, ал бүгінде бұл дәстүр «байлардың ермегіне» айналғанын атап өткен еді. Депутат бұл мәселені қоғамдық талқылауға шығарып, заңгерлерге оны құқықтық тұрғыдан реттеу тетіктерін әзірлеуді ұсынған.

Продюсер депутаттың пікіріне мүлде келіспей, жауап ретінде Қазақстанда көп ер адаммен некеге отыруды заңдастыруды ұсынды.