Бүгінде өнер иесінің салмағы 161 келі.
Фото: Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Танымал актер, ақын Рамазан Амантай әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, арықтайтынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Бүгінде өнер иесінің салмағы 161 келі.
“Егер дәл осы сәттен бастап өзімді қолға алмасам, 36 жасымда өмірім тоқтауы мүмкін. Болды, шегінерге мүлде жол жоқ. Уәде берейін не бермейін, оның маңызы жоқ. “Алдында да бастадың, тағы тастайсың” десеңіздер де өз еріктеріңізде. Менде басқа амал жоқ”, – деп жазды ол.
Оның сөзінше, ол дәрігерлерге қаралып, толық терсеруден өткен. Олардың нәтижесі актердың денсаулығы 36 жасқа дейін ғана жететінін көрсеткен.
“Дәрігерлерге қаралдым, толық тексерістен өттім, аппараттық тексерулерден өттім. Нәтижесін көргенде егер бүгін өзімді қолға алмасам, денсаулығым 36 жасқа дейін ғана жетеді екен. Әрине, бәрі бір Аллаға аян. Өмірді де беретін Алла, бірақ сақтанғанды сақтайды. Денсаулық – Құдайдың аманаты, сол үшін нар тәуекел. Өздеріңізге қарап жүріңіздер. Салмақты қалай жинап алғанымды өзім де білмей қалдым. Жинау оңай, ал тастау өте қиын. Жайылмаңыздар”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін де Рамазан Амантай артық салмақпен күресуді бастағаны хабарланған еді.


