Қазақстан

Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етеді

Еуразиялық экономикалық одақтың жарғылық органдарындағы төрағалық жаңа жылдан бастап Беларусьтен Қазақстанға өтеді.

Президент тапсырмасы: Педагогтердің жалақысы 25 пайызға өсті

Тек қана мектеп мұғалімдерінің ғана емес балабақша педагогтерінің, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандарының да еңбекақылары көбейіп жатыр.

Ковидке қарсы препараттар бағасы 10 күннен кейін төмендетіледі

Тұтастай алғанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шекті бағалары төмендетілетін 17 халықаралық патенттелмеген атаулар бойынша ковидке қарсы препараттардың тізбесін айқындады.

Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды

2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады.

Өткен жыл үшін төленетін көлік салығы өспейді - Мемлекеттік кірістер комитеті

Көлік салығын төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстырылуына байланысты азаматтар арасында салық көлемі өседі деген түсініспеушілік туған.

​Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу соңында тараптар осы жылы Түркия Президентінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғайды

2027 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қазақстандық әйелдер зейнетке ерлер сияқты 63 жасында шығады.

Каспий теңізінде қазақстандық шекарашылар Түркия азаматын құтқарды

Теңіз шекарашылары хабар алғаннан кейін бірден паромға қарай бет алды, 2 метрден асатын толқынмен және қатты желге қарсы жүзуге тура келкен.

Павлодарлық тұрғын жаңа жылдық отшашудың кесірінен көзінен айырылып қала жаздады

1956 жылы туған әйел оң жақ көз алмасының контузиясын алды.

Атырау облысында полицейлер жол апатына ұшырап, біреуі көз жұмды

​Индер ауданында екі көлік бетпе-бет соқтығысты, патрульдік полиция қызметкері оқиға орнында қайтыс болды.