Жыл басынан бері Қарағанды облысында 4 мыңнан астам адам волонтерлік бастамаларға қатысты

0
115

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады.


Жыл басынан бері Қарағанды облысында 4 мыңнан астам адам волонтерлік бастамаларға қатысты

ERNUR.KZ. Бұл еліміздегі волонтерлік бастамалардың дамуына және көпшіліктің әлеуметтік, экологиялық, мәдени әрі білім беру жобаларына белсенді қатысуына ықпал етті. Жыл басынан бері Қарағанды облысында 1 775 волонтерлік іс-шара өткізіліп, оған 4 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Бүгінде өңірде 75 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Әлеуметтік, мәдени, экологиялық және білім беру бағытындағы бастамаларға сұраныс жоғары.

Экологиялық волонтерлікті дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңірде Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және Үндістаннан келген 200 волонтердің басын қосқан халықаралық форум өтті. Бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, Балқаш жағалауын тазарту акциясына және білім беру бағытындағы іс-шараларына қатысты.

Өңірдегі волонтерлік қозғалыстың дамуына қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері де қолдау көрсетіп отыр. Бұл тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттырып, волонтерлік қозғалыстың дамуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ волонтерлік ұйымдар арасында футбол және волейболдан облыстық турнир ұйымдастырылды.