Олардың 161-і – кәмелетке толмаған балалар.
Фото: polisia.kz
ERNUR.KZ. Полиция департаментінің мәліметінше, жоғалған азаматтардың басым бөлігі табылып, отбасыларына қайтарылған, деп жазады inbusiness.kz.
Дегенмен қазіргі уақытта іздеуде жүрген бір жағдай бар – 10 жастағы бала әлі табылған жоқ.
Көпшілік арасында "адам жоғалса, үш тәулік күту керек" деген түсінік бар. Алайда тәртіп сақшылары бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Полицейлердің айтуынша, мұндай жағдайда уақыт созбай, бірден полицияға арыз түсіру қажет. Ерте хабарлау іздестіру жұмыстарының нәтижелілігін арттырады.


