Жүк көлігімен жұртты жаншып өтпек болған: Астанада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

0
191

Қазіргі уақытта экстрадиция мәселесі қаралып жатыр.


Жүк көлігімен жұртты жаншып өтпек болған: Астанада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Астана қаласының криминалдық полиция басқармасы 38 жастағы шетелдік азаматты ұстады. Ол халықаралық іздеуде болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың тамыз айының басында күдікті Новосібір қаласында жүк көлігін басқарып, әдейі адамдар тобына қарай айдауға әрекет жасаған.

Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін ер адам мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қазақстан аумағына жасырынған.

«Оған қатысты екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция өкілдері қазіргі уақытта күдіктіні іздеуді бастаған елге экстрадициялау мәселесі қаралып жатқанын атап өтті.