Жезқазғанда құтқарушылар ауқымды жарылыстың алдын алды

0
71

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде өрттің гараж ішінде 10 шаршы метр аумақта шыққаны анықталды.


Жезқазғанда құтқарушылар ауқымды жарылыстың алдын алды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ұлытау облысы 112 қызмет пультіне 2026 жылғы 15 қаңтарға қараған түні Жезқазған қаласы Холмецкого көшесінде орналасқан гараж массивінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады zakon.kz.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде өрттің гараж ішінде 10 шаршы метр аумақта шыққаны анықталды.

"Барлау және өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер көлемі 27 литрлік газ баллонын және көлемі 50 литрлік оттегі баллонын сыртқа шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды",- делінген құтқарушылар мәліметінде.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда",- деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.