​Жезқазған — Астана пойызымен болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
137

24 тамыз күні Қызылжар — Түйемойнақ аралығында №107 жолаушылар пойызы жолда тұрған жүк вагонына байланысты шұғыл тоқтауға мәжбүр болған.


​Жезқазған — Астана пойызымен болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Ұлытау облысындағы теміржолда болған оқыс жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inform.kz.

— Көліктегі полиция департаменті Жезқазған — Астана бағытындағы жолаушылар пойызы мен жүк пойызының соқтығысуына байланысты «Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Қаза тапқандар жоқ, — деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 24 тамыз күні Қызылжар — Түйемойнақ аралығында №107 жолаушылар пойызы жолда тұрған жүк вагонына байланысты шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Оқиға салдарынан бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алған.