Кеше Алакөл көліндегі Жайпақ ауылынан 5 шақырым жерде желдің 12 м/с дейін күшеюіне байланысты мұз бөлініп, балықшы суға батып кеткен.
     ERNUR.KZ.  Жетісу облысының құтқарушылары су қоймасында қаза тапқан балықшының денесін алып шықты, деп жазады zakon.kz.
Кеше Алакөл көліндегі Жайпақ ауылынан 5 шақырым жерде желдің 12 м/с дейін күшеюіне байланысты мұз бөлініп, балықшы суға батып кеткен.
ТЖД құтқарушылары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Бүгін сағат 14:54-те құтқарушылар күшімен қайтыс болған балықшының денесі су қоймасынан шығарылды.
ТЖМ мұздың қазір жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертті.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
