Жартастан құлап, аяғын жарақаттаған: Алматы тауларында құтқарушылар жасөспірімді эвакуациялады

0
92

Жасөспірім эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.


Жартастан құлап, аяғын жарақаттаған: Алматы тауларында құтқарушылар жасөспірімді эвакуациялады

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Алматылық құтқарушылар 2 мамыр күні тауда жарақат алған жасөспірімге көмекке келді, деп жазады zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Алматы қаласы Бостандық ауданында, Алма-Арасан шатқалында, Терра алаңы маңында алдын ала мәлімет бойынша жасөспірім жартастан құлап, аяғын жарақаттаған. Оқиға куәгерлері құтқарушылардан көмек сұраған.

"Хабарлама түскеннен кейін ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп оқиға орнына жедел түрде шықты. Алма-Арасан пансионаты маңына жеткен соң, олар жолды жаяу жалғастырды. Таулы аймақпен көтерілу шамамен 2,5 сағатты алды",- деп мәлімдеді ведомство.

Құтқарушылар зардап шеккенді жедел түрде тауып, оның 15 жастағы жасөспірім екенін анықтады. Оған қажетті көмек көрсетіліп, тасымалдау жұмыстарын бастады.

Жасөспірім эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.