Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті

0
95

Салдарынан үйдің жартысы опырылып түскен.


Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті

фото: официальный сайт акимата Нур-Султана

ERNUR.KZ. Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында тұрғын үйде газ жарылды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 20 желтоқсан сағат 09:40-та болған.
"Шұғыл қызметтерге Қызылсай ауылындағы жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптары бұзылған", - дейді әкімдік.
Салдарынан үйдің жартысы опырылып түскен. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ жедел медициналық көмек, полиция және газ қызметі жедел жіберілген. Авариялық-құтқару және тексеру іс-шаралары жүргізілді.
"Үйде төрт адам болған, екеуі зардап шекті. Олар Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасына жеткізілді. Қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі, отбасын уақытша орналастыру мәселесі шешілді", - дейді Жаңаөзен қаласының әкімдігі.
Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жағдай бақылауда.