Жаңаөзенде мектеп түлектері жол апатына түсті

0
126

2005 жылы туған жүргізуші нейрохирургия бөліміне жатқызылды.


Жаңаөзенде мектеп түлектері жол апатына түсті

фото: Sergek Group

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында мектеп түлектері жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.
23 мамырда Lexus LX 450 көлігіне мінген түлектер жол апатына түсті. Үш көлік соқтығысқан.
"Toyota Hilux жүргізушісі Land Cruiser 100-ді басып озуға тырысқан. Алайда маневр жасау кезінде Toyota Hilux жол жиегіне шығып кетіп, Land Cruiser 100 көлігімен, сосын Lexus LX 450 көлігіне соғылған. Артынша пикап жолдан шығып кеткен", - дейді облыстық полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше зардап шеккендер жоқ.
Toyota Hilux жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айыппұл тұрағына қойылды. Бір адам ауруханаға жатқызылды.
"Көлік тізгінінде болған 2005 жылғы жүргізуші нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Диагнозы – жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ тізе буынының жарақаты", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.