Жаңа жасанды интеллект министрлігі қалай құрылады

0
139

Жаңа жасанды интеллект министрлігі қазіргі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі негізінде құрылады.


Жаңа жасанды интеллект министрлігі қалай құрылады

фото: Sputnik / Владимир Астапкович

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жаңа министрлік қалай құрылатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатын болады.
“Бұл ретте инновациялық саясат жөніндегі функциялар ғылым және жоғары білім министрлігіне берілетін болады. Жарлықтың жобасы әзірленді, мемлекеттік органдардың келісуінде жатыр”, - деді Мәдиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, президент халыққа арнаған жолдауында жаңа министрлікті құруды тапсырған болатын.