Жаңа заң: Алатау қаласына ерекше мәртебе берілмек

0
87

Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.


Жаңа заң: Алатау қаласына ерекше мәртебе берілмек

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын қарауға қабылдады, деп жазады baq.kz.

Сөзінше, бұл заң жобасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

Заң жобасы Алатау қаласының экономикалық, технологиялық, ғылыми, білім беру, сауда және инвестициялық орталық ретінде қалыптасуына жағдай жасауға, Алатау қаласын дамытуға салынатын инвестициялардың кепілдіктері мен құқықтық қорғалуын арттыруға, «ақылды қала» құру және Алатау қаласының экономикалық дамуы мақсатында ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, технологиялық инновацияларды заманауи тәсілдер мен тәжірибелерді қолдануға бағытталған, - деді депутат.

Заң жобасы 5 тараудан, 65 баптан тұрады. Сабильянов экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті заң жобасын жұмысқа алуға дайын екенін жеткізді.