​ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

0
166


​ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ERNUR.KZ. Жаңартылған Конституция Қазақстанның стратегиялық дамуының жаңа бағытын айқындап, білім, ғылым және инновацияны мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітеді.


Елдің тұрақты өсімі мен бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарға ғана емес, азаматтардың біліміне, кәсіби біліктілігіне және зияткерлік әлеуетіне тікелей байланысты екені нақты көрсетіледі. Осы орайда адам капиталы ұлттық дамудың негізгі тірегіне айналып, әр азаматтың мүмкіндігін толық іске асыруына жағдай жасау көзделеді.

Сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, өнертабыстар мен ғылыми жетістіктерді қолдауға бағытталған құқықтық негіздер нығайтылады.


Цифрландыру мен инновациялық даму мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде белгіленіп, басқару тиімділігін арттыруға, экономиканы жаңғыртуға және қоғамның ашықтығын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Осылайша жаңа Конституция білімге, технологияға және тең мүмкіндіктерге сүйенген заманауи әрі әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған.