Жаңа Конституция бойынша референдум: exit poll нәтижесі жарияланды

0
95

Орталық референдум комиссиясы дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 73,24%-ы таңдау жасағанын хабарлады.


Жаңа Конституция бойынша референдум: exit poll нәтижесі жарияланды

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Жаңа Конституция қабылдау бойынша өткен республикалық референдумның exit-poll нәтижесі жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
"Еуразиялық интеграция институты" ЖШС өткізген exit-poll нәтижесі:
"Иә, қабылдаймын" деп дауыс бергендер - 86,7 процент;
Қатысқандар - 75,3%.
"СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өткізген exit-poll нәтижесі:
"Иә, қабылдаймын" деп дауыс бергендер - 87,4 процент;
Қатысқандар - 73,8%.
"AMANAT" партиясының "Қоғамдық саясат институты" өткізген exit-poll нәтижесі:
"Иә, қабылдаймын" - 88,6 процент;
Қатысқандар - 72,1%.

Еске сала кетейік, Орталық референдум комиссиясы дауыс беруге құқылы қазақстандықтардың 73,24%-ы таңдау жасағанын хабарлады. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша референдумда 9 млн 126 мың 850 адам дауыс берген.