ERNUR.KZ. «Әр адам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті».
Бұл – әрқайсымызға жүктелген ортақ жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Конституциясы – ел бірлігінің, тұрақтылық пен әділеттіліктің кепілі. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қана қоймай, қоғамдағы өзара сыйластық пен заң үстемдігін қамтамасыз етеді.
Жаңа Конституциялық өзгерістер – жаңару мен даму жолындағы маңызды қадам. Әділдікке негізделген қоғам құру үшін әр азамат заңды құрметтеп, өз міндетін адал атқаруы тиіс. Себебі құқық пен міндет – егіз ұғым.
Біз бір-біріміздің ар-намысымызды қадірлеп, бостандығымызды бағалап, заң талаптарын сақтағанда ғана қуатты әрі өркениетті мемлекет қалыптастырамыз.
Жаңа Қазақстан – жауапты азаматтан басталады!


