Жамбыл облысында жоғалып кеткен 19 жастағы қойшы аман-есен табылды

0
233

​Ол бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстарынан кейін табылды.


Жамбыл облысында жоғалып кеткен 19 жастағы қойшы аман-есен табылды
фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында Үшбас ауылы маңындағы жайылымға мал бағуға шығып, із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қойшы аман-есен табылды, деп жазады baq.kz.

Жас жігіт Көкбастау жайлауына кеткеннен кейін үйіне оралмаған. Осыдан соң оны іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және маңайдағы елді мекендердің тұрғындары жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстары жерде де, әуеден де жүргізілді. Арада шамамен бір тәулік өткен соң жас жігіт жайылымнан 15 шақырымдай жерде табылды.

Табылған жігіттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.