Бурабайдағы Абылай хан алаңының маңында өрт шықты

0
212


Бурабайдағы Абылай хан алаңының маңында өрт шықты

Ұлттық парк

ERNUR.KZ. Бүгін «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында бірден екі өрт тіркелді. Бір аумақта тілсіз жау тез ауыздықталса, екінші жерде өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Алғашқы өрт шамамен сағат 15:30-да Абылай хан алаңына жақын маңда шыққан. Өрт ошағы таулы жерде, 700 метр биікте орналасқан. Ұлттық парк өкілдерінің мәліметінше, оған найзағай себеп болған.
“ Оқиға орнына 15 қызметкер, өрт сөндіру автоцистернасы және шағын орман өртін сөндіру кешені жіберілді. Өртті сөндіру жұмыстары сағат 15:45-те басталып, он минуттан кейін жалынның таралуы тоқтатылды “, - деп хабарлады ұлттық парк өкілдері.

Ақылбай орманшылығындағы жағдай күрделірек. Мұнда 70-ке жуық адам өртпен күресіп жатыр. Әуеден сөндіруге екі тікұшақ тартылған.

Қатты жел мен жетуі қиын таулы аймақ өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл өртке де найзағай түсуі себеп болуы мүмкін.

Зардап шеккендер немесе елді мекендерге қауіп төніп тұрғаны туралы ақпарат жоқ.