Жамбыл облысында өзара бәстескен ер адамдар фельдшермен жанжалдасып оны атып кеткен

0
147

Сол жақ қабырға астынан жарақат алған фельдшер Байзақ аудандық ауруханасына жеткізілді.


Жамбыл облысында өзара бәстескен ер адамдар фельдшермен жанжалдасып оны атып кеткен

фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Байзақ ауылында екі жігіт дефибрилляторды дені сау адамға қолданса, не болатынына қызығып, соңында адам зардап шекті, деп жазады stan.kz.

Екі жігіт жедел жәрдемде жұмыс істейтін жергілікті фельдшерге жүгінуді ұйғарды. Салдарынан медицина қызметкері зардап шекті.

Фельдшер жүрек ырғағы қалыпты адамға дефибрилляторды қолдану қауіпті және жүректің тоқтап қалуына әкелетінін түсіндірсе де, маманның сөзіне ерлердің бірі сенбеген. Олар маманның сөзіне дәлел ретінде "эксперимент" жасауды талап етті. Әңгіме тез арада жанжалға ұласты. Дау кезінде ер адам травматикалық тапаншасын алып, фельдшердің кеуде тұсына оқ атқан, содан кейін қашып кеткен.

Сол жақ қабырға астынан жарақат алған фельдшер Байзақ аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Атқан ер адамға іздеу жарияланды, полиция іздестіріп жатыр.