Жамбыл облысында енесінің түр-әлпетін пайдаланып, миллиондап несие алған келін сотталып кетті

0
94

Ол бір жылға бостандығынан шектеледі.


Жамбыл облысында енесінің түр-әлпетін пайдаланып, миллиондап несие алған келін сотталып кетті

Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Жуалы аудандық соты енесінің атына 1,5 миллон теңге несие алған келінді 1 жылға шартты түрде соттады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әйел адамның бір жыл бойы бостандығы шектеледі.

Соттың мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың қарашасында сотталып отырған әйел енесін алдап, оның түр-әлпетін телефонға қаратып, онлайн тексеруден өткен. Кейін енесінің телефонына келген кодты айтып, 1,5 миллион теңге несие алған. Енесінің шотына түскен ақшаны өз шотына аударып алып, ақшаны өз қажетіне жаратқан.

Енесі арада бір ай өте келе несиенің кезекті төлемі туралы хабарламаны көргенде ғана өз атына несие рәсімделгенін білген.

«Прокурор әйелді 1 жылға түрмеге қамауды сұраған. Енесі оны кешіріп, несиенің сомасын толық қайтаруды және келінін бас бостандығынан айырмауды сұраған. Келін болса кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Сот тараптарды тыңдай келе келінді бір жыл шартты түрде соттап, енесіне 1,5 млн теңге қайтаруды үкім етті», - деп хабарлайды Жамбыл облысының соттары.