«Заңсыз некедегі күйеуі қуып жіберген»: Есіл бойынан 8 жасар баласы бар әйел табылды

0
197

Оларды бірге тұратын ер адам үйден қуып жіберген.


«Заңсыз некедегі күйеуі қуып жіберген»: Есіл бойынан 8 жасар баласы бар әйел табылды

Фото: @rupr.pvlshakeneva

ERNUR.KZ. Павлодарда 8 жастағы ұлымен далада қалған әйел табылды, оны заңсыз некедегі күйеуі пәтерден қуып жіберген. Бұл туралы Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі облыстық уәкіл Сәуле Шакенова айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әйел кәмелетке толмаған жасөспірім баласымен өзен бойын паналаған.

«Кешкі патрульдеу кезінде полиция қызметкерлерімен бірлесіп, сағат 21:05-те Усольский ықшамауданындағы өзен жағасында қасында 8 жасар ұлы бар келіншек табылды. Әйелдің айтуынша, оны бірге тұратын ер адам баласымен бірге жалға алған пәтерден қуып жіберген. Ол таңертеңнен бері өзен жағасын кезіп жүрген. Баратын жері жоқ», - деп жазды ол.

Сәуле Шакенова ана мен баланы дағдарыс орталығына орналастырғанын атап өтті.

«Орталықта оларға тегін түрде психологиялық, заңгерлік және әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ол орталықта алты айға дейін тұра алады», - деді уәкіл.