Якутияда заңсыз алтын өндірумен айналысқан 2 қазақстандық ұсталды

0
95

Бұл ақпаратты Якутияның ішкі істер министрлігі таратты.


Якутияда заңсыз алтын өндірумен айналысқан 2 қазақстандық ұсталды

Фото: 14.ru

ERNUR.KZ. Якутияда қазақстандықтардан 94 млн теңгенің алтыны тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz.

Якутияның Нам ауданында полиция қызметкерлері нөмірсіз жүрген Toyota Vellfire көлігін тоқтатқан. Автокөліктің ішінде 48 жастағы Кемерово облысының тұрғыны мен 3 жолаушы болған. Олардың екеуі – Қазақстан азаматтары.

Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан шамамен 2,5 келі табиғи алтын және 430 мың рубль ақша табылып тәркіленді.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауында, аталған азаматтар биыл жазда арнайы Якутияға келіп, Верхоян ауданы аумағындағы кен орнында қолмен алтынды өз беттерінше жуып алған. Олардың қолында алтын өндіру қызметіне рұқсат беретін лицензия жоқ.

– Заңсыз қызмет барысында қымбат металды Ресейдің бір өңіріне апарып, кейін сату мақсатында алып шықпақ болған, – делінген ресми хабарламада.

Қазір ұсталған 2 қазақстандық қамауға алынды.