Вьетнамнан Ресейге бара жатқан жолаушылар Тараз әуежайында кідіріп қалды

0
97

Жолаушыларға үш рет тамақ берілді.


Вьетнамнан Ресейге бара жатқан жолаушылар Тараз әуежайында кідіріп қалды

ERNUR.KZ. Вьетнамнан Ресейге бара жатқан жолаушылар Тараз әуежайында кідіріп қалды, деп жазады sputnik.kz.

Фукуок – Тараз – Екатеринбург бағыты бойынша чартерлік рейс кешігіп жатыр.
"Әуе кемесінің ұшу алдындағы дайындығы барысында қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттілігі анықталды", - деп түсіндірді SСAT компаниясы.
Жолаушыларға үш рет тамақ берілді. Сонымен қатар салқын және ыстық сусындар, сондай-ақ ыңғайлы күту үшін плед ұсынылды.

"Барлық техникалық жұмыс аяқталды, әуе кемесі рейсті орындауға дайындалып жатыр. Әуе компаниясы жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", - дейді компания.