Бұл туралы адвокат мәлім етті.
Фото: t.me/ Kozachkov offside
ERNUR.KZ. Биыл 21 наурыз күні түнде Алматыда сағатына 288 шақырым жылдамдықпен келіп, үш адамды мерт қылған кәсіпкердің ісі сотқа кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы адвокат болған Олег Чернов жазған.
«Ертең әл-Фараби даңғылындағы жол апатының тергеуін зерттеуге кірісеміз. Іс аяқталды», - деп жазған ол.
Айта кетейік, биыл 21 наурыз күні қаланың қақ ортасындағы жантүршігерлік жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапқан. Осы жағдайдан кейін полицияның бірқатар басшысы жұмысынан қуылған.


