Ұлытауда 1 млрд теңгеден астам марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталды

0
265

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады.


Ұлытауда 1 млрд теңгеден астам марганец кенін заңсыз өндіргендер ұсталды

skvagina.ru

ERNUR.KZ. ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті марганец кенін заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан топтың әрекетін тоқтатты, деп жазады ulysmedia.kz.

Толығырақ

Күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытқан. Алайда іс жүзінде оқиға орнында ауыр карьер техникасы мен ұсату-жуу жабдықтары қолданылған толыққанды тау-кен байыту кешені жұмыс істеген.

Өндірілген кен тауарлық концентратқа өңделіп, теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған. Шикізатты жүйелі түрде тиеп-жөнелту үшін күдіктілер теміржол тұйығын жалға алған.

Шығын мен залал

Тергеу мәліметінше, өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асып, оның жалпы құны 1 млрд теңгеден жоғары болған. Заңсыз әрекеттер салдарынан қоршаған ортаға да залал келтірілген.

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.