Ұлытау облысында жылқы іздеуге шыққан үш адам жоғалып кетті

0
170

Жоғалғандар 5 сағаттан кейін Қаракеңгір ауылынан шамамен 30 шақырым жерден табылды.


Ұлытау облысында жылқы іздеуге шыққан үш адам жоғалып кетті

© Sputnik / Константин Михальчевский

ERNUR.KZ. Ұлытау облысында жылқы іздеуге шыққан үш адам жоғалып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті, деп жазады sputnik.kz.
Қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні Ұлытау облысында Бостұмсық ауылының маңында жылқы іздеуге шыққан адамдар жоғалып кетті.
"1997, 1972 және 1968 жылы туған үш ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Іздестіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органның және полиция күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды", - дейді департаментте.
Қозғалыс қиын жағдайда құтқарушылар қар басып қалған жолдарды тазалап, іздестіру топтарының қозғалысын қамтамасыз етті. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.
Жоғалғандар 5 сағаттан кейін Қаракеңгір ауылынан шамамен 30 шақырым жерден табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.