Әскери шеруге елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері де келді.
ERNUR.KZ. 2025 жылы 7 мамырда Астанада "Қазақ елі" алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру басталды. Парадты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқаруда, деп жазады Zakon.kz.
Елордадағы "Қазақ Елі" алаңында Мемлекет басшысы — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды.
Әскери шеруге елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, сондай-ақ дипломатиялық корпустың өкілдері де келді.
Атап айтқанда, 1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1,2 млн-нан аса отандасымыз қатысты. Республиканың әрбір төртінші тұрғына әскер қатарына шақырылды.
Осы салтанатты іс-шара "Қазақ Елі" монументі алдындағы алаңда өтіп жатыр. Парадқа 4 000-нан астам әскери қызметші жұмылдырылды. Оған қоса, қала тұрғындары мен қонақтары 200-ден астам заманауи әскери техника мен қару-жарақты, әскери-көлік авиациясының 66 ұшағы мен тікұшағын тамашалай алады.